2025 жылдың 10-12 сәуір аралығында Астана қаласында сату бөлімінің негізгі менеджерлерінің қатысумен жыл сайынғы конференция өтті

2025 жылдың 10-12 сәуір аралығында Астана қаласында сату бөлімінің негізгі менеджерлерінің қатысумен жыл сайынғы конференция өтті. Алғаш рет шараға барлық 25 филиалдың директорларынан бөлек, Сауда бөлімдерінің басшылары шақырылды. Дәстүр бойынша жиынның бірінші күні дүкенді тексеруден басталды-қабылдаушы тарап, Бас кеңсе басшылары мен өңірлерден келген қызметкерлерден құрылған 9 экипаж елорданың барлық аудандарын аралады. Дүкенді тексеру соңында экипаж жетекшілері қаланың сауда нүктелерінің сөрелеріндегі өнімдердің жоғары деңгейде болуын атап өтті. Бірінші күн Астана филиалының кеңсесі мен қоймасын аралаумен аяқталды.

Екінші күні ресми кездесу форматында өтті. Компанияның  СЕО директоры,дистрибьюторлық арналар бойынша сату жетекшілері, бренд-менеджерлер және басқа да функционалдық салалардың басшылары қызметкерлермен сөйлесті.    

Соңында команданы тосын сый күтіп тұрды-төрт дүркін әлем чемпионы, Қазақстандық ауыр атлет Ильи Илиннің өнер көрсетуі.