Green House Limited компаниясы азық-түлік пен күнделікті қажетті тауарларды дистрибуциялау саласындағы табысты қызметі үшін Ұлттық ақпараттық-талдамалық орталығы тағайындайтын «Сала игілігі» бизнес мәртебе-марапатына 2024 жылы тағы да ие болды.
Көптеген қазақстандықтар үшін компанияның атауы таныс болмауы мүмкін, алайда Green House Limited 30 жылдан астам уақыт бойы елдегі жетекші дистрибьюторлық компаниялардың бірі болып келеді. Компания өз қызметін 1995 жылы шағын кеңсе мен аздаған қызметкерден бастаған. Алайда стратегиялық көзқарастың, тұрақты дамудың және нәтижеге бағытталған жұмыстың арқасында бүгінде Қазақстан Республикасындағы ең ірі дистрибьюторлардың біріне айналды.
Қазіргі таңда компания тарататын өнімдер күн сайын миллиондаған адамның өмірінде маңызды орын алады. Ел бойынша 30 000-нан астам сауда нүктесі — ірі супермаркеттерден бастап, жақын маңдағы дүкендерге дейін — Green House Limited компаниясымен ынтымақтастықта. Осы сауда нүктелеріне келушілердің орташа санын есепке алсақ, компания өнімдері күн сайын ел халқының жартысынан көбінің дастарханына жетеді деп сеніммен айтуға болады.
Green House Limited тұтынушылардың да, әлемдік және отандық жетекші брендтердің де сеніміне ие болды. Компанияның серіктестері қатарында Ehrmann, Chupa Chups, Ahmad Tea, Makfa, Barilla, Hochland, Kinder, Рахат және көпшілікке танымал ондаған басқа брендтер бар. Бұл серіктестік тек логистикамен шектелмей, маркетинг, сату аналитикасы, жарнамалық акциялар және клиенттерге қызмет көрсету салаларындағы бірлескен жұмысты да қамтиды.
Green House холдингінің негізін қалаушы Рустам Мұхамедрахимов команда бірлігі мен ортақ іске жан-тәнімен берілуінің маңыздылығын атап өтеді:
«Атқарылған жұмысымыздың бағалануы — біз үшін өте маңызды. «Сала игілігі 2024» марапатын иеленуіміз — тұтынушыға сапалы өнім жеткізу миссиямызды бұлжытпай орындап келе жатқанымыздың айғағы. Біз сенімді әрі тұрақты жүйе қалыптастырып отырғанымызға мақтанамыз — бұл жүйеде әрбір қызметкер өзін маңызды әрі қажет сезінеді. Біз ұжым ішіндегі атмосфераға ерекше мән береміз: әркім өз әлеуетін ашып, кәсіби тұрғыда ғана емес, жеке тұлға ретінде де өсуге мүмкіндік алуы керек деп санаймыз. Командалық жұмыс, жаңашылдыққа