2025 жылы 20 ақпанда компанияның бас кеңсесінде бренд-менеджерлер командасы «Тренерлерге арналған тренинг» бағдарламасы бойынша оқытудан өтті

2025 жылы 20 ақпанда компанияның бас кеңсесінде бренд-менеджерлер командасы «Тренерлерге арналған тренинг» бағдарламасы бойынша оқытудан өтті. Әріптестер ересек аудиториямен жұмыс істеу ерекшеліктерін, тренингтік модульдердің құрылымын, сондай-ақ онлайн және оффлайн оқыту жүргізудегі айырмашылықтарды зерттеді. Жаттығулар, ойындар, топтық пікірталастар арқылы ең күрделі материал түсінікті және қолжетімді болды.

Әріптестері өздеріне ұнаған топиктер –психологиялық дайындық, презентация дағдылары екенің атап өтті.

Келесі тренингті асыға күтеміз.